Жаңалықтар

- Қаралды: 43
Қолбасшы, батыр Бөрібай Сарыұлының 330 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дубек Мусановтың «Бөрібай батыр» дастаны арқылы өскелен ұрпаққа батырдың өмірі мен ерлігін насихаттау мақсатында Ақсу ауданы бойынша ұйымдастырылған «Бөрібай батыр оқулары» байкауына колледждің 1 курс студенті Мақсатқызы Ақмарал белсене қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

- Қаралды: 45
«Қапал кәсіптік-техникалық колледжінде Қапал ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Ә.Ашимова колледж студенттері және ауыл имамы Е. Ордабаевтың қатысуымен «Дін және адамгершілік» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Мақсаты: жастарға экстремизм мен терроризм туралы түсінік беру, деструиктивті жалған діни ағымдардан сақтандыру, жастарымыздың санасын қауыпті ақпараттан сақтау.

- Қаралды: 52
2024 жылдың 13-ші ақпанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерді4 санасын ояту» тақырыбында комплаенс офицер Кизайбек Мәуленнің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиында колледж комплаенс офицері М.Кизайбекке сөз берілді. М.Кизайбек оз сөзінде мәжіліске қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы оқытушыларға жемқорлықтын басты негіздері мен себептерін анықтау, жемқорлықтын салдарын ескерту туралы айтты. Сондай, ак Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Президенті басымдық беретін мемлекеттік саясаттын негізгі бағыттарынын бірі болып табылады.

- Қаралды: 42
Қапал кәсіптік – техникалық колледжі студенттеріне «Қапал орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Айдын Сабырбайұлы Сабырбаев «Орман өрттері» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Мемлекеттік орман қорын қорғау мен қорғаудың негізгі міндеттері:

- Қаралды: 57
2024 жылы 22-26 қаңтар аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілік орталығының базасында 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының құжаттамасын әзірлеу тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Қали Айгерім Бейсенбекқызы белсенді қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Тағылымдаманың теориялық бөлігі 20-25 қаңтар аралығында онлайн (ZOOM платформасы) өткізілді, практикалық бөлім 26 қаңтар күні – офлайн форматында өткізілді. Семинардың мақсаты мен міндеттері: 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

- Қаралды: 63
Қапал кәсіптік - техникалық колледжінде Қапал ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Ә.Ашимованың ұйымдастыруымен ауыл имамы Е.Ордабаев, құрметті ақсақалымыз Елесбаев Әлтай атамыздың қатысуымен «Дін және жастар» атты тақырыпта кездесу өтті.
Мақсаты: экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шараларын жүргізу. Шара барысында ауыл имамы Ордабаев Ерлан жастармен ашық сұхбат жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Әлтай атамыз жастарға бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге қатысу және үлгілі жастар болу керектігі жөнінде айта кетті.

- Қаралды: 81
Оқуға құштар колледж тұжырымдамасын іске асыру аясында Кітапханашы Ж.Жандосованың ұйымдастыруымен "Бір колледж-бір кітап" акциясы өткізілді. Мақсаты: жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру,ең үздік туындыларды оқу және насихаттау. Акция барысында: Қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай оқырмандармен "Дала" поэмасы оқылып,талқыланды. Білім алушылар осы поэманың мазмұны бойынша ойларын ортаға салып,өз пікірлерімен бөлісті.

- Қаралды: 50
25.01.2024 күні Капал кәсіптік-техникалық колледжінің педагог ұжымының арасында ІІІ- педагогикалық кеңес өтті. Пед.кеңеске 26 педагог қатысты. Күн тәртібінде: 7 мәселе қаралды, колледж директорының орынбасарлары, ПЦК төрағалары өз жоспарларында бекітілген отырыс тапсырмаларына есеп берді. Кеңес басында колледж психологы Р. Толкынбаева тренинг өткізді, аягында кофе брейк ұйымдастырылды.

- Қаралды: 51
Қапал кәсіптік-техникалық колледж педагогтерінің қатысуымен 22.01.2024 Әдістемелік кеңестің ІІІ-отырысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Тәлімгерлік жұмыс пен жас мамандар мектебі жұмысының ұйымдастырылуы, есебі 2. Аттестаттаудан өтетін оқытушылардың құжаттарын қарастыру 3. І-ж.ж өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы 4. Демоемтихан өткізудің жолдарын талқылау және 6 әр түрлі мәселелер болды. Сөз сөйлегендер ПЦК жетекшілері мен тәлімгерлер өз ойлары мен бөлісіп өтті, кеңес төрайымы қаулы етіп шешімін шығарды.

- Қаралды: 56
Ақсу ауданының өртке қарсы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері колледж ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

- Қаралды: 81
Қапал кәсіптік - техникалық колледжінде Ақсу ауданы Қапал ауылының 176 жылдығына, Ақын Сара Тастанбекқызының 170 жыл толуына орай арналған Ардагер спортшылар арасында волейбол жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа Талдықорған қаласы, Жансүгіров ауылы, Ақсу ауылдық округі, Қапал ауылынан ардагер спортшылары қатысты.
Колледж спорт алаңында өткен бұл жарыс ардагерлер мен жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Қапал ауылының округ әкімі Жарылқасын Жалғас, Қапал ауылының ардагерлер төрағасы Оразбеков Амантай атамыз, жарысқа қатысуға келген ардагерлер Естібаев Саят Байдрахманұлы, Рамазанов Жұмабек ағамыз, Түстебаев Құлжабек Айтбайұлы, өздерінің жүрекжарды игі тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Волейболдан өткен жарысты ұйымдастырушысы жеке кәсіпкер Түстебаев Мұрат мырзаға алғыс білдіреміз.

- Қаралды: 91
26-27 мамыр күндері Жетісу облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеры арасында облыстық Спартакиада өтті. Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушылары:
* Баскетболдан ұлдар және қыздар құрамасы - 2 орын иеленді.
Құттықтаймыз!

- Қаралды: 69
Ғали Орманов атындағы орта мектебіне "Мамандықты дұрыс таңдау — табысты өмірдің кілті" тақырыбында ашық есік күні өтті.
Мақсаты: Мамандық таңдауда оқушылардың бойына жауапкершілік қалыптастыру, мамандық таңдауына көмектесу, кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Жиынға 9,10,11-сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері қатысты. Сонымен қатар орман шаруашылығының басшысы Сабырбаев Айдын Сабырбайұлы мен Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімдері Тлеулина Ардак Жанатовна, Ортбаева Динара Толегеновна , Абдыхамитова Ғалия Жандарбекқызы мектеп оқушыларға қажетті мамандықтарымен таныстырды. Оқушыларға мектеп тарапынан сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандық таңдауға қажетті http://educer.app/ сайты мен JOO қосымша таныстырылды.

- Қаралды: 111
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел” тақырыбындағы қалалық пікір - сайысында Қапал кәсіптік - техникалық колледжі “Тамшыбұлақ” командасы ІІІ орынға ие болды. Құмырхан Кәлима және пікір сайыс түрнирінің Үздік Спикері Аманжолқызы Айсезім.
Жетекшісі Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы