Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей!
Кіру
AA+
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал а., Жибек жолы, 15
8 (7283) 23-17-44
8 (7283) 23-12-75
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей!
KAPAL COLLEGE
"Қапал кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

Қапал кәсіптік - техникалық колледжінде Қапал ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы Ә.Ашимованың ұйымдастыруымен ауыл имамы Е.Ордабаев, құрметті ақсақалымыз Елесбаев Әлтай  атамыздың қатысуымен «Дін және жастар» атты тақырыпта  кездесу өтті. 
Мақсаты: экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы əрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шараларын жүргізу. Шара барысында ауыл имамы Ордабаев Ерлан жастармен ашық сұхбат жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Әлтай атамыз жастарға бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелерге қатысу және үлгілі жастар болу керектігі жөнінде айта кетті.

Бүгінде тәуелсіз елеміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жастар арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлестіктердің саны артуда. Сондықтан азаматтардың діни сауатты болғаны қоғамның тұтастығы мен дамуының кепілі болып табылатынын насихаттау ,- деп атап өтті директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары С.Баянова өз сөзінде.
Қорытындылай келе, кездесуге қатысқан студенттерге діни тұрғыда мол түсінік беріліп, ислам діні туралы және осы дінде терроризм мен экстремизм ұғымдарының жоқ екендігі, сонымен қатар, теріс діни ағымды ұстанушылардан аулақ болу қажеттігі айтылды. Кездесу соңында аталған тақырып төңірегінде студенттер өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.