Қапал кәсіптік - техникалық колледжінде Ақсу ауданы Қапал ауылының 176 жылдығына, Ақын Сара Тастанбекқызының 170 жыл толуына орай арналған Ардагер спортшылар арасында волейбол жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа Талдықорған қаласы, Жансүгіров ауылы, Ақсу ауылдық округі, Қапал ауылынан ардагер спортшылары қатысты.
Колледж спорт алаңында өткен бұл жарыс ардагерлер мен жас ұрпақты салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға шақыру мақсатын көздеді. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Қапал ауылының округ әкімі Жарылқасын Жалғас, Қапал ауылының ардагерлер төрағасы Оразбеков Амантай атамыз, жарысқа қатысуға келген ардагерлер Естібаев Саят Байдрахманұлы, Рамазанов Жұмабек ағамыз, Түстебаев Құлжабек Айтбайұлы, өздерінің жүрекжарды игі тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді. Волейболдан өткен жарысты ұйымдастырушысы жеке кәсіпкер Түстебаев Мұрат мырзаға алғыс білдіреміз.
Баршаңыз бүгінгі ойында жақсы нәтиже көрсеттіңіздер деп ойлаймын. Осындай спорттық жарыстар өткізу арқылы келешек ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға болады. Барлықтарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді жарысты ұйымдастырып, жүргізген Қапал кәсіптік – техникалық колледж директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақсу аудандық маслихат депутаты Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы.
Қорытындылай келе, волейбол жарысынан I орынды Талдықорған қаласының командасы 150000 теңге иеленсе, II орынды Қапал ауылы командасы 100000 теңге еншіледі. Ал, III орынды Жансүгіров ауылының командасы 70000 теңге ұтып алды. Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген үздік ойыншыларда ақшалай сыйлыққа ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеуші атынан диплом, медальдар және ақшалай сыйлықтар марапатталды. Жарыстың бас төрешілері Жиенкожанов Арман Махметұлы, Измайлов Біржан Нұрмухаметұлы
Төрешілері: Карибаев Аман Нәдірбекұлы, Жиенкожанов Дидар Арманұлы, Даулетханұлы Алмас.