Ғали Орманов атындағы орта мектебіне "Мамандықты дұрыс таңдау — табысты өмірдің кілті" тақырыбында ашық есік күні өтті.
Мақсаты: Мамандық таңдауда оқушылардың бойына жауапкершілік қалыптастыру, мамандық таңдауына көмектесу, кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Жиынға 9,10,11-сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері қатысты. Сонымен қатар орман шаруашылығының басшысы Сабырбаев Айдын Сабырбайұлы мен Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімдері Тлеулина Ардак Жанатовна, Ортбаева Динара Толегеновна , Абдыхамитова Ғалия Жандарбекқызы мектеп оқушыларға қажетті мамандықтарымен таныстырды. Оқушыларға мектеп тарапынан сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнеролик көрсетіліп, мамандық таңдауға қажетті http://educer.app/ сайты мен JOO қосымша таныстырылды.
________________
Мекен-жайымыз:
Жетісу облысы, Ақсу ауданы,
Қапал ауылы, Жібек жолы көшесі 15
8(7283)23-12-75
www.kapal.edu.kz
________________
#KKTK