Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын! Менің блогымда сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сізді толғандыратын сұраққа жауап алу үшін қабылдауға жазылу міндетті емес, тек блог бетінде өз пікіріңізді қалдыру жеткілікті. Мен сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, сондай-ақ сіз көтерген мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамын. Блогпен жұмыс істеу үшін менің жұмыс күнімнің тәртібінде арнайы уақыт бөлінген. Сіздің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің жұмысымызды жетілдіруге мүмкіндік береді. Біздің блогтағы ақпарат тек бүгінгі студенттерге және ата-аналарға ғана емес, сонымен қатар біздің болашақ талапкерлерге де пайдалы болады деп сенемін. Бұл блог сіздің сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертулеріңізді тікелей алу мүмкіндігіне ие болу үшін ашық.
Құрметпен, колледж директоры Жунісова Рысалды Шаймуратқызы
Пікірлер
Жанар
03 Нау 2022Қайырлы күн! Алдағы жаңа оқу жылына (2022-2023) математика пәні мұғаліміне бос жұмыс орны бар ма екен? Мен 2021 жыл түлегімін, қазіргі таңда магистратурада (қашықтан, кешкі уақытта) оқып жатырмын. Жұмыс тәжірибем жоқ. Еңбек жолын осы колледжден бастауыма мүмкіндігім бар ма?
Колледж директоры
13 Нау 2023Қайырлы күн, Жанар! Оқуда сәттілік тілеймін. Түйіндемеңізді колледждің электронды поштасына жолдауға болады, бос жұмыс орны болған жағдайда қарастырамыз.
Самал
16 Қаң 2023Сәлеметсізбе! Сізден осы жылғы стипендияның қанша төленетінін білсем болама? Мен биыл ударинктен үздікке көштім! Соған қанша стипендия түсетіні қызық болып тұр! Жауабыңызға алдын-ала көп рахмет!
Колледж директоры
13 Нау 2023Сәлеметсізбе Самал! Сізді озат студенттер қатарына қосылғаныңызбен құттықтаймын! Жарайсыз! Сіз осы уақытқа дейін "4" жақсы бағасына лайықты шәкіртақы алған болсаңыз оның көлемі - 21 787 теңге ("4" - жақсы), ал "5" үздік бағасына лайықты шәкіртақы көлемі - 25 055 теңге ("5" үздік).